Түрікменстан-Түрік мәдениет күндері

Мәдениет күндері шеңберінде Түркия Мәдениет және туризм министрлігі құрамындағы өнер топтары өз өнерлерін көрсетеді.

133252
Түрікменстан-Түрік мәдениет күндері

Жаңа маусымды ашуға дайындалған Түркия Мемлекеттік театрлары өткен жылы көп тамашаланған «Мераки» атты ойынды Ашхабадта сахнаға қояды.


Ахмет Рефик Пашаның атақты француз жазушы Мольер туындысын Османлы тұрмысына сәйкестендіріп жазған ойыны 23 қыркүйек күні түрікмен көрерменімен табысады.


«Түрікменстан-Түрік мәдениет күндері» іс-шарасы аясында сахнаға қойылатын туынды Ашхабадтағы Алпарслан театрында сахналады.


«Меракиді» өткен жылы 22 мың 160 көрермен тамашалаған болатын.


Түрікменстан-Түрік мәдениет күндері


Мәдениет күндері шеңберінде Түркия Мәдениет және туризм министрлігі құрамындағы өнер топтары өз өнерлерін көрсетеді.


Түрікменстан-Түрік мәдениет күндері 22-26 қыркүйек күндері арасында өткізіледі.


Іс-шара аясында түрік «канун» шебері Тахир Айдогды мен ансамблінің концерті, Измир Түрік әлемі мемлекеттік би және музыка ансамблінің өнерімен басталатын апталық дәстүрлі өнерден театрға, музыка, би және балет, киноматографияға дейін Түркияның өнерін таныстырады.


Сонымен бірге эбру, күміс шеберлігі, бақыр өнері, әйнек әшекей өнерлері де көрмеге қойылады. Мемлекеттік опера және балеті де «Гарем балетін» сахналайды.


Ашхабад кинотеатрында болса екі күн бойы түрік фильмдері көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар