Сұлтан Алп Арыстанның қабірі

ТИКА Түрікменстанның көне Мары қаласында археологиялық қазба бастады.

134942
Сұлтан Алп Арыстанның қабірі

Түрік ынтымақтастық және координация агенттігі басқармасы ТИКА бастамасымен жүргізілген Сұлтан Алп Арыстанның қабірінің табылуы және мазар құрылысы жобасы аясында Түрікменстанда археологиялық қазба жұмыстары басталды.


Бұл туралы ТИКА-ның баспасөз қызметі хабарлады.


Сұлтан Алп Арыстанның қабірінің табылуы мақсатымен Түрікменстанның Мары қаласында 5 бөлек жерде қазба басталды.


Менджан Жұма мешіті төңірегіндегі Сұлтан Санжар қабірінің айналасында анықталған екі бөлек жерде басталған қазба жұмыстарына Түркияның университеттерінен де ғалымдар қатысуда.


Сұлтан Алп Арыстанның қабірінің табылуы арқылы Селчук мәдениетінің таныстырылуы мақсат етілуде. Осы жоба бес сатыда шамамен 4 жыл жалғасады.


Жоба жұмыстарына Түркия Мәдениет және туризм министрлігі де қолдау беріп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар