Ердоған Түрікменстанға барады

Кездесулерде экономикалық қатынастар қолға алынады.

182999
Ердоған Түрікменстанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Түрікменстанға барады.


Сапар барысында экономикалық қатынастар алға шығады.


Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Ердоғанды Оғызхан сарайында қарсы алады.


Қарсы алу рәсімінен кейін президенттер оңаша кездеседі. Артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасайды.


Президент Ердоған Түрікменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Түрікменбашының қабірін де зиярат етеді. Ердоған артынан Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Достық саябағында көшет отырғызу рәсіміне қатысады.


2017 жылы Түрікменстанда өтетін Азия ойындары үшін құрылысы жалғасып жатқан Олимпиада ауылына да баратын президент Ердоған Мақтымқұлы Университетіндегі конференцияға да қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар