Бердімұхаммедов ант ішіп міндетін бастайды

Бердімұхаммедов 97,69 пайыз дауыс жинап, міндетіне қайта сайланған еді.

674612
Бердімұхаммедов ант ішіп міндетін бастайды

Түрікменстанда жексенбі күні өткен президент сайлайын жеңіп алған президент Құрбанқұлы  Бердімұхаммедов ант ішіп міндетін бастайды.

Рухыет Сарайында ұйымдастырылған ант ішу рәсіміне үкімет мүшелері, депутаттар, мемлекет органдардың жоғарғы лауазымдары, саяси партия лидерлері, дипломаттар, шетелдік миссионерлер және журналисттер қатысты.

Бердімұхаммедов ант ішу рәсімінен кейін жасаған баяндамасында жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің күшейтілуі, көршілер арасындағы татулық, достық пен бауырластықтың кеңейтілуі және жалғастыруға болатын өркендеудің тездетілуі Түрікменстан сыртқы саясатының басты тақырыбы болатынын айтты.

Бердімұхаммедов әлемдегі барлық мемлекет пен халықтармен сауда, экономика, мәдениет және гуманитарлық қарым-қатынастарды, білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты жалғастыратынын білдірді.

Түрікменстанда 12 ақпан жексенбі күні өткізілген президент  сайлауында Бердімұхаммедов 97,69 пайыз дауыс жинап, міндетіне қайта сайланған еді. 



Ұқсас жаңалықтар