Ұшақ қайта қонды

Ашғабадқа көтерілген ұшақ Стамбулға қайта қонды.

704347
Ұшақ қайта қонды

Түрік Әуе жолдарының (THY) Стамбул-Ашғабад рейсіндегі ұшағы көтерілгеннен кейін техникалық ақау салдарынан Ататүрік атындағы әуежайға қайта қонды.

Алынған мағлұматқа қарағанда,  кешке 140 жолаушысымен Ататүрік атындағы әуежайдан Түрікменстанның бас қаласы Ашғабадқа көтерілген түрік авиакомпаниясының ұшағында техникалық ақау болды.

Ұшқыш ақауды білдіріп,  кері қайту үшін рұқсат сұрады.  Рұқсат алынғаннан кейін ұшақ әуежайға қайта келіп қонды.

Ұшақтың рейсті жалғастырып жалғастырмайтыны бақылаудан кейін анықталады.



Ұқсас жаңалықтар