Түрікменстанда конференция

Ашғабадта дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай конференция өткізілді.

721717
Түрікменстанда конференция

Түркия мен Түрікменстан қатынастарының 25 жылдық конференциясы Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Ашғабадта конференция өткізілді.

Бауырлас елдер Түрікменстан мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл болуына байланысты Ашғабадтағы Түркия өкілетті елшілігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі бірігіп конференция ұйымдастырды. Конференцияда Түрікменстан-Түркия қатынастарының тарихи өткені мен бүгінгі жағдайы талқыланды,  болашаққа бағытталған ұсыныстар айтылды.

Конференциядан бұрын Ашғабадтағы Түркия өкілетті және төтенше елшісі Мұстафа Капужу мен Түрікменстан Халықаралық қатынастар институты ректоры Баба Захиров екі ел қатынастарының оң бағытын суреттейтін фотосурет көрмесін ашты.

Конференцияға Түркиядан Таяу Шығыс Техникалық Университетінің оқытушысы Проф. Октай Танрысевер және Гази Университетінің оқытушысы Доц. Бекир Түмен Сомунджуоғлу, Түрікменстан Халықаралық Қатынастар Институты оқытушылары Алтын Махмутова және Кочмурат Атаев баяндамашы ретінде қатысты.

Баяндамашылар түрікмен және түрік халықтары арасындағы бауырластықтан келетін ортақ мәдениетті атап көрсетті. Түрікменстандағы негізгі инвестициялар және Аваза туризм орталығының құрылысында түрік мердігерлердің роліне назар аударған түрікмен баяндамашылар ТИКА-ның экономикалық саладағы, білім және мәдениет саласындағы жобаларға да назар аударып, мақтау айтты.

Конференцияға Ашғадабтағы шетелдік миссия өкілдері,  Халықаралық Қатынастар Институты және Гуманитарлық ғылымдар Университеті оқытушылары, студенттер, Түрікменстанда тұратын түрік азаматтар мен Ашғабад Түрік Анадолы лицейінің оқушылары тыңдаушы ретінде қатысты.

Конференцияның беташарында сөз сөйлеген Өкілетті және төтенше елші Мұстафа Капужу 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Түрікменстанның тәуелсіздігін таныған және артынан 1992 жылы 29 ақпан күні Түрікменстанмен дипломатиялық қатынас құрған, Ашғабадта елшілік ашқан бірінші елдің Түркия Республикасы екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар