Түрікменстанда табиғи газдың жаңа қойнауы табылды

«Ұзынада» қойнауынан күніне 500 мың текше метр табиғи газ шығарылады.

727925
Түрікменстанда табиғи газдың жаңа қойнауы табылды

Түрікменбашы қаласына жақын маңда табылған «Ұзынада» қойнауынан күніне 500 мың текше метр табиғи газ шығарылады.

Табиғи газ резерві тұрғысынан әлеуеті жоғары Каспий теңізі жағасында Түрікменбашы қаласы маңында табылған газ қойнауының 7 км тереңдікте екені білдірілді. 

Түрікменстан елі дүние жүзінде анықталған табиғи газ резервтері тұрғысынан Ресей, Иран және Катардан кейін төртінші кезекте. Түрікменстанның шығысындағы шамамен мың шаршы километр алаңды қамтыған «Галкыныш» қойнауы болса әлем көлемінде екінші орындағы резервке ие.

Осы аймақтан басталған Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай табиғи құбыр желісі 2009 жылы ашылды. Түрікмен газының ең үлкен тұтынушысы Қытай осы желі арқылы Түрікменстанның газ экспортының 62 пайызын алып отыр. Түрікмен газының басқа бір ірі алушысы Ресей болатын.  Алайда Ресей 2016 жылдың қаңтар айында Түрікменстаннан газ алуын тоқтатты.



Ұқсас жаңалықтар