Каспий теңізіне жағалауы бар елдердің өкілдері бас қосты

Каспий елдерінің ынтымақтастық тақырыптары қарастырылды.

734187
Каспий теңізіне жағалауы бар елдердің өкілдері бас қосты

Каспий теңізіне жағалауы бар елдердің өкілдері бас қосты.

Ашғабадтағы жиналыста Каспий елдерінің қатынас саласындағы ынтымақтастықтарын нығайту және Каспий теңізінде халықаралық транзит қатынасы қарастырылды.

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінде болған жиналысқа Түрікменстан, Ресей Федерациясы,  Әзірбайжан, Қазақстан және Иранның Сыртқы істер және Қатынас министрліктерінің мамандары мен өкілдері қатысты.

2014 жылы Ресейдің Астрахань қаласында өткен Каспий елдері мемлекет басшылары 4-ші саммитінде Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов тарапынан сауда-экономикалық ынтымақтастық тақырыптарын қамтыған бір келісім жобасы ұсынылып,  жобаға байланысты шешім қабылданған болатын.  Түрікменстан тарапынан ұсынылған келісім жобасы аясында Каспий теңізіне жағалауы бар елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру мақсат етіледі.  Аталмыш келісім жобасы Каспий теңізінің табиғи ресурстарынан пайдалануды да қосқанда,  көрші елдер арасында энергия,  өнеркәсіп және Каспий аймағы транзит қатынасы тақырыптарын қамтыған бірсыпыра реттеуді көздейді.

Осы жиналыста делегациядар әсіресе «Каспий теңізінде қатынас ынтымақтастығы» тақырыпты келісім жобасы аясында келіссөз жүргізді.  Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда келісім жобасы келесі мемлекет басшылары саммитіне дейін дайын болуы керек.

 



Ұқсас жаңалықтар