Мақтымқұлыны еске алды

Түрікмендер  Мақтымқұлыны ең маңызды мәдени қазына деп біледі.

734188
Мақтымқұлыны еске алды

Түрікменстанда жыл сайын 18 мамыр күні Атазаңның қабылданған күні ретінде тойланады. Сонымен бірге атақты түрікмен ақыны Мақтымқұлыға арнап Поэзия шаралары ұйымдастырылады.

Түрікмен деректеріне қарағанда 1724-1807 жылдары арасында өмір сүрген Мақтымқұлы Пырағы-  тек Түрікменстанда ғана емес,  бүкіл Орталық Азия аймағында танымал, құрмет тұтылатын ақын және ойшыл.

Түрікмендер  Мақтымқұлыны ең маңызды мәдени қазына деп біледі. Түрікмен әдебиетінің іргетасы деп қабылдайды.  Сондықтан елде жыл сайын «Мақтымқұлы Пырағы поэзия күні» ұйымдастырылады.

Түрікмендер биыл да Иранның Хорасан аймағындағы Ақ Тоқай ауылындағы мазарына барып, құрметпен еске алды.

Мемлекеттік тойлау аясында университеттер мен орта мектептерде поэзия шаралары өткізілді.



Ұқсас жаңалықтар