Ашғабадта халықаралық форум

Энергия форумында энергия көздерінің әлем нарығына сенімді жеткізілуіне байланысты тақырыптар талқыланды.

744579
Ашғабадта халықаралық форум

Энергия көздерінің әлем нарығына сенімді жеткізілуіне байланысты тақырыптар Ашғабадта болған Халықаралық Энергия форумында талқыланды.

«Энергия көздерінің транзит өтуіне байланысты көп жақты келісімге бағыт» атты форум Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Максат Бабаев және Энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Руснактың баяндамаларымен басталды.

Форумға Энергетикалық хартия келісіміне тарап елдердің өкілдері,  халықаралық ұйымдардың лауазым иелері мен энергия саласы мамандары баяндамашы ретінде қатысты. Өндіруші елдер,  транзит елдер және энергия тұтынушылары арасындағы байланыс және координация мұқтаждықтарына назар аударған баяндамашылар Түрікменстанда өткен осы форумның ынтымақтастық ынталарына маңызды үлес қосатынын атап көрсетті.

Еуропа Комиссиясы Энергия одағы төрағасының орынбасары Марос Сефкович те видео конференция арқылы форумға қатысты.  Сефкович биылғы жылдың ақпан айында Еуропа Одағы, Әзірбайжан, Түркия, Түрікменстан арасында Бакуде өткен жиналыстың Каспий газының Еуропаға жеткізілуі тақырыбында үміт беретінін айтты.

Форумда Түркия Республикасы Энергия және табиғи ресурстар министрлігі өкілі, Транзит құбыр желілелір төрағасы Реха Айкул Муратоғлу да баяндама жасады.  Муратоғлу энергияны өндіретін елдер мен негізгі алушы тұғырындағы Еуропа құрлығы арасында Түркияның әрі экономикалық,  әрі сенімді транзит орталығы екенін,  осы тақырыпта қажетті инфрақұрылымның бар екенін атап көрсетті.

Энергетикалық хартияның 2017 жылғы кезекті төрағалығын Түрікменстан атқарып отыр.  Осы аяда Энергетикалық хартия келісімінің негізгі органы «Энергетикалық хартия конференциясы» да 28-29 қараша күндерінде Ашғабадта өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар