БҰҰ Түрікменстанда жаңа офис ашады

Түрікменстан үкіметі мен БҰҰ тұрақты даму үшін ортақ офис ашу үшін жұмыстануда.

752236
БҰҰ Түрікменстанда жаңа офис ашады

БҰҰ Түрікменстанда жаңа офис ашады.

Орталық Азия елдерін аралаған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш соңғы аялдамасы Түрікменстанда президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесті.  Кездесуде Арал теңізінің жағдайына байланысты климат өзгерісі және қоршаған ортаның сақталуы тақырыптары салмақты орын алды.

Түрікменстан үкіметі мен БҰҰ тұрақты даму үшін ортақ офис ашу үшін жұмыстануда.

Түрікменстан басшысы ашылуы жоспарланған офистің Түрікменстан мен БҰҰ-ның қоршаған ортаны сақтау және климат өзгерісі саласында ортақ жұмыстарын жоспарлайтынын және атқаратынын айтты.

40 жыл бұрын басталған егіншілік саясаты нәтижесінде Арал теңізіне барып құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суы Арал қойнауы жетпей-ақ сарқылады. 40 жыл бұрынғыға қарағанда су деңгейін 10 пайыз төмендеген Арал теңізін құтқару үшін қабылданған бірсыпыра шешім мен құрылған бір фонд бар.  Арал теңізін құтқару халықаралық фондына 2017-2019 жылдар арасында Түрікменстан басшылық жасайды.

Түрікмен басшы Бердімұхаммедов Арал теңізі тақырыбына көп мән беретіндерін, Арал теңізі қойнауындағы бағдарламаның үш сатысының аяқталғанын атап көрсетті. Ол осы жұмысқа ауқымды халықаралық көзқарас керектігін білдірді.

Түрікменстан үкіметі аймақтағы экологиялық жағдайдың жақсартылуы және тұрақтылығы үшін БҰҰ тарапынан арнайы бағдарлама қалыптастырылуы мақсатында жұмыс істеп келеді. Бердімұхаммедов БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің ұйымның 72-ші ассамблеясы аясында осы тақырыпты қолға алуын ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар