Гутерреш Түрікменстанда болды

БҰҰ Бас хатшысы Орталық Азия сапарының соңғы аялдамасы Түрікменстанда болды.

751820
Гутерреш Түрікменстанда болды
guterres Berdimuhammedov 001.jpg

Орталық Азия елдеріне сапарлай барған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сапарларынан кейін сапарының соңғы аялдамасы Түрікменстанда болды.

Гутеррештің Түрікменстан бағдарламасы президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен оңаша кездесумен басталды. Кездесуден кейін Бердімұхаммедов пен Гутерреш түрікмен және БҰҰ делегация арасындағы кездесуге басшылық жасады.

Артынан Түрікменстан президенті мен БҰҰ Бас хатшысы ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Демократиялық органдардың жетілдірілуі және оларға қолдау беру, жасампаз даму,  энергия,  қатынас,  қоршаған орта және халықаралық қауіпсіздік тақырыптарында БҰҰ-мен ынтымақтастықта екендерін білдерген түрікмен басшы: «БҰҰ-мен толыққанды және ұзын мерзімді ынтымақтастық жасау – біздің стратегиялық шешіміміз» деді.

Гутерреш те Түрікменстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 25 жылдығына байланысты құттықтады және «БҰҰ – Түрікменстан қарым-қатынасының басымдықтарының бірі – Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнауы» деді.

Түрікмен басшы Бердімұхаммедов бас хатшы Гутеррешті қыркүйек айында Ашғабадта болатын 5-ші Азия ойындарына шақырды.



Ұқсас жаңалықтар