Рақымшылық жариялады

Түрікменстан президенті Қадір түніне орай рақымшылық жариялады.

756240
Рақымшылық жариялады

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Қадір түніне орай 1029 тұтқынға рақымшылық жариялады.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметінен алынған хабарға қарағанда, рақымшылық түрікмен қоғамында және отбасыларында бірлік пен үйымшылдықты нығайту мақсатымен жарияланды.

Жаңа жарлық арқылы босатылатын тұтқындар қысқа уақытта үйлеріне оралады.

Президент Бердімұхаммедов жергілікті әкімшілік басшыларына рақымшылықпен босатылған кісілердің елдің дамуына үлес қосу үшін жұмыспен қамтамасыз етілуіне де нұқсау берді.



Ұқсас жаңалықтар