Ауғанстан елбасы Эшреф Гани Түрікменстанда

Ауғанстан елбасы Мұхаммед Эшреф Гани ресми сапармен Ашғабатқа барды.

763518
Ауғанстан елбасы Эшреф Гани Түрікменстанда

Ресми сапармен Ашғабатқа келген Ауғанстан елбасы Мұхаммед Эшреф Гани Түрікменстан президенті Бердімұхамедов тарапынан рәсіммен қарсы алынды.

Оғыз қаған сарайында рәсіммен қарсы алудың артынан екі басшы оңаша кездесті.

Екі ел делегациялары арасында өткен келіссөздерде екі ел ынтымақтастығы мен халықаралық тақырыптар қолға алынды. Келіссөздердің артынан электр, қатынас, оқу және авиация салаларында бір қатар келісімдерге қол қойылды.

Қол қою рәсімінің артынан Түрікменстан президенті Гурбанқұлы Бердімұхаммедов және Ауғанстан басшысы Эшреф Гани ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.

Түрікмен және ауған басшы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «екі жақты түсіністік аясындағы жақын ынтымақтастық» тұғырында және «жоғары деңгейлі» жалғасқанын атап көрсетті. Басшылар халықаралық терроризм және есірткімен күрес тақырыптарында екі ел ынтымақтастығының жалғасатынын білдірді.

Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (TAPİ) табиғи газ құбыр желісі жобасы аясында екі елдің экономикалық мүдделер тұрғысынан маңызды екеніне назар аударған басшылар TAPİ жобасы тақырыбында алдында қабылданған келісімдердің күшінде екенін қайталады.

Замандас Жібек Жолы деп аталған Түрікменстан-Ауғанстан-Тәжікстан халықаралық Азия теміржолы жобасы да басшылардың күн тәртібінде орын алды. Басшылар темір жолы жобасын екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі екенін атап көрсетті. Жобаның 88 шақырымдық алғашқы сатысы ретінде Атамурат-Имамназар (Түрікменстан) – Акина (Ауғанстан) желісі, өткен жылдың қараша айында екі басшы қатысқан рәсіммен ашылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар