Түрікменстан СІМ Өзбекстанда болды

Түрікмен министр Өзбекстанда президент Мирзиеев және Сыртқы істер министрі Камиловпен кездесті.

769719
Түрікменстан СІМ Өзбекстанда болды

Түрікменстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мередов Өзбекстанда болды.

Түрікмен министр Өзбекстанда президент Мирзиеев және Сыртқы істер министрі Камиловпен кездесті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ресми сапармен елге келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередовты қабылдады.

Кездесуде басшылар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық қатынастармен бірге қатынас,  тасымал, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына ризашылықтарын білдірді.

Кездесуде сонымен бірге екі ел кәсіпорындары мен компаниялары тарапынан 200 миллион долларлық ортақ жоба және келісімдердің жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.

Мередов артынан Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен бас қосты.  Осы кездесуде екі ел қарым-қатынастарының жетілдірілуі мүмкіндіктерін қолға алған министрлер тараптар арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру бағытында жылдың екінші жартысының шығымды өтіп жатқанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар