Түрікменстанда гүленшілерге жаза

40 кісіге 10-25 жыл арасы бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

775266
Түрікменстанда гүленшілерге жаза

Түрікменстанда Фетуллахшы террор ұйымына мүше болғаны себепті кемінде 40 кісіге 10-25 жыл арасы бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Анадолы агенттігінің хабарына қарағанда,  жазаландырылғандардың көбі Фетуллахшы террор ұйымына қарасты білім ошақтарын бітіріп шыққан түлектер,  кейбірі де осы ұйымға байланысы бар іскерлер.

Бас бостандықтарынан айрылған осы кісілердің мал-дәулетіне де бұғау салынды.

Түрікменстанда өткен жылы Фетуллахшы террор ұйымына мүше болғаны себепті шамамен 150 кісі жөнінде қылмыстық іс ашылып,  биылғы ақпан айында 18 адамға бас бостандығынан айыру үкімі берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар