Ашғабад Азия ойындарына дайын

Түрікменстанда 29 шілде күні жолда тек велосипедтер ғана болады.

778748
Ашғабад Азия ойындарына дайын

Түрікменстанда 29 шілде күні жолда тек велосипедтер ғана болады.

Қыркүйек айында Ашғабадта өтетін 5-ші Азия ойындарына байланысты Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов тарапынан жаңа акция басталды. Осыған орай 29 шілде сенбі күні елдің барлық облыстарында жеке меншік көліктер жолға шықпайды.  Жолда тек велосипедтер мен қоғамдық көліктер ғана болады.

Ел көлемінде Азия ойындарына 250 және 100 күн қалған күндерге дөп келетін күндері де түрлі шаралар мен рәсімдер ұйымдастырылуда.

29 шілде күнінен бастап соңғы 50 күн қалады.

2017 жылдың әрі «Денсаулық және бақыт жылы» ретінде жариялануы,  әрі 5-ші Азия ойындарына 50 күн қалғанына орай 29 шілде күні болатын велосипед шарасына елдегі барлық министрлік ведомостволары, ресми органдар, жеке меншік мекемелер,  дипломатиялық өкілдіктер, қауіпсіздік күштері қызметкерлері,  университет студенттері мен азаматтар қатысады.



Ұқсас жаңалықтар