Азия ойындарына санаулы күн қалды

Түрікменстанда түрлі шаралар өткізілуде.

780805
Азия ойындарына санаулы күн қалды
Türkmenistan_Asya-oyunları_Aşhabat

Қыркүйек айында Ашғабадта өтетін 5-ші Азия ойындарына 50 күннен аз уақыт қалды.  Сондықтан Түрікменстанда түрлі шаралар өткізілуде.

Апта аяғында өткен шаралардың арасындағы ең қызықтысы – велосипедпен қатынау.  Елдің барлық уәлаяттарында жеке көліктер жолға шықпады.  Жолда тек велосипедтер мен қоғамдық көліктер болды.

Ашғабад және Мары қалаларында 5-ші Азия ойындарында Түрікменстан атынан жарысатын спортшылардың қойылымы болды.

Осы қалаларда спортшылар стадиондарда өз өнерлерін көрсетті. Айырықша олимпиада үшін дайындалған өлеңдер шырқалып,  түрікмен әншілер концерт берді.

5-ші Азия ойындары атқару комитеті мен Түрікменстан Мемлекеттік телерадио корпорациясы  Ашғабадта бір конференция ұйымдастырды. Конференцияда ел ішіндегі және шетелдердегі таныстыру жұмыстары мен акредитация, басқа да дайындықтар туралы мәлімет берілді.



Ұқсас жаңалықтар