Түрікменстанда маңызды кездесу

Ел президенті Түркия Палаталар және Биржалар одағы басшысын қабылдады.

783912
Түрікменстанда маңызды кездесу

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Түркия Палаталар және Биржалар одағы басшысы Хисарджыклыоғлуны қабылдады.

Іскерлер делегациясымен бірге Түрікменстанға барған Түркия Палаталар және Биржалар одағы басшысы Рифат Хисарджыклыоғлу президент тарапынан қабылданды.

Қабылдауда түрікмен-түрік экономикалық қатынастары қолға алынды. Мемлекеттік ақпарат агенттігінің деректеріне қарағанда, кездесуде түрікмен және түрік халқын бірлестірген тарихи және мәдени байланыстардың екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізі екені атап көрсетілді.

Кездесуде Түрікмен-Түрік Бизнес кеңесінің экономикалық қарым-қатынастарға жағымды әсері айтылды. Жүйелі түрде өткізілген секторлық көрме және бизнес форумдардың сауда-экономикалық қатынастардың тереңдей түсуінде және түрлендірілуінде маңызды рол ойнағаны білдірілді.

Хисарджыклыоғлу экономикалық қатынастардың дамуы,  екі ел арасындағы сауданың артуы және тиімді серіктестік шарттарын қамдағаны үшін Түрікменстан басшысына алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар