Түрікменстанда дәстүрлі Қауын мерекесі

Түрікменстанда 17 тамыз күні Ұлттық Қауын күні тойланады.

789954
Түрікменстанда дәстүрлі Қауын мерекесі

Орталық Азияның ең дәмді қауындары өсетін Түрікменстанда 17 тамыз күні Ұлттық Қауын күні тойланады.

1994 жылдан бері жыл сайын тамыз айының екінші жексенбі күні тойланып келетін Қауын мерекесі биыл 5-ші Азия ойындарының басталуына 30 күн қалғанда түрлі шаралармен бірлестірілді.

Қос мерекеге байланысты Түрікменстан мемлекеттік қайраткерлері,  шетелдік миссия өкілдері мен азаматтар түрлі шараларда бас қосады.

Түрікменстанда 400-ге жуық қауын түрі өседі. Бұлардың ішінде Тежен қаласында өсетін Вахарман мен Лебат уәлаятында өсетін Гүлаби Түрікменстанның ең дәмді қауындары деп есептеледі.  Вахарман қауындары ауа температурасы кейде 60 градусқа жететін шөл ыстығында сусыз да өсе беретін қауынның бір түрі.

Мерекеге байланысты ел көлемінде өсетін қауын,  қарбыз және басқа да өнімдер көрмеге қойылады. Айырықша елдің атақты әншілері мен бишілерінің концерттері жоспарланып отыр.

17 тамыз күні сонымен бірге президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың шешімімен  жолға қоғамдық көліктер тысында моторлы көліктер шықпайды. Сағат 07 мен 19,00 арасында барша велосипед, қоғамдық көлік қолданады немесе жаяу жүреді.



Ұқсас жаңалықтар