Түрікмен жастарының Түркия университеттеріне ықыласы

4 мыңға жуық талапкер осы мақсатта құжат тапсырды.

802183
Түрікмен жастарының Түркия университеттеріне ықыласы

Түркияда жоғары білім алуды таңдаған түрікмен жастардың саны биыл рекорд деңгейге жетті.  4 мыңға жуық талапкер осы мақсатта құжат тапсырды.

Күн сайын ондаған түрікмен талапкер Түркиядағы жоғары оқу орындарында білім алу мақсатымен Түрікменстанның бас қаласы Ашғабадтағы Білім кеңесшілігіне келеді. Сәуір айында басталған құжат тапсыру маусымы биыл шілде және тамыз айларында бар қарқынымен жалғасты. Қыркүйек айының алғашқы аптасында құжат тапсырғандар саны 4 мыңға жетті.

Түркиядағы университеттерде оқығысы келетін шетелдік азаматтар мен орта білімді шетелде алған Түркия Республикасы азаматтары YÖS, яғни Шетелдік студенттер емтиханына құжат тапсыруына болады.

Жоғары оқу мекемесінің 2016-2017 оқу жылы деректеріне қарағанда қазір Түркияда YÖS аясында 110 мыңға жуық студент білім алуда. Осылардың 13 мыңы орта білімін шетелде оқыған Түркия Республикасы азаматтары. 100 мың шақты университет студенті болса – шетелдік.



Ұқсас жаңалықтар