Ашғабадта V Азия ойындары басталды
Ашылу салтанатына көрші елдердің президенттері қатысты.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ауғанстан мемлекет басшысы Ашраф Ғани, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Пәкістан мемлекет басшысы Мемнун Хүсейін, Тәжікстан президенті Имамали Рахман V Азия ойындарының ашылу салтанаты үшін Ашғабадқа келді. Татарстан, Молдова және Армения басшылары да салтанатты жиынға қатысушылар арасында болды.
Салтанатты ашылу жиынына айырықша көптеген елдің үкімет өкілдері мен спорт қайраткерлері қатысты. Жиында Түркия атынан Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак орын алды.
Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Пәкістан, Ауғанстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан, Молдова, Армения мемлекет басшылары және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедевпен де кездесу өткізді.
Түрікмен басшы ашылу салтанатынан бұрын мемлекет және үкімет басшылары құрметіне қонағасы берді. Артынан қонақтар Ашғабад Олимпиада стадионына барып, ашылу салтанатына қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.