V Азия ойындары медальдері иелеріне табыстала бастады

Медаль тізімінде Түрікменстан алда келеді.

809523
V Азия ойындары  медальдері иелеріне табыстала бастады

V Азия ойындары Ашғабад 2017-де медальдер иелеріне табыстала бастады.

Спорттың 21 түрінде шамамен 6 мың спортшы жарысып жатқан ойындардың алғашқы екі күнінде медаль тізімінде Түрікменстан алда келеді.

Жарыс күнтізбесіне орай ресми ашылу салтанатынан бір күн бұрын басталған футзал, дәстүрлі күрес және джиу-джитсу салаларында жеңімпаздарға медальдері табысталды.

Екінші күннің аяғында Түрікменстан 16, Өзбекстан 2,  Тайланд 2, Пәкістан 1, Моңғолстан 1 және Ауғанстан 1 алтын медаль иеленді.  Барлығы 40 медальмен Түрікменстан бірінші орында.  Түрікмен спортшылар 14 күміс, 10 қола медаль алды.

Түрікмен спортшылардың алтын медалі дәстүрлі күрестен келді.

Медаль тізімінде әзірге Өзбекстан екінші орында.



Ұқсас жаңалықтар