V Азия ойындары аяқталды

Ашғабад 2017 ойындарының командалық есепте жеңімпазы Түрікменстан атанды.

816119
V Азия ойындары аяқталды
Türkmenistan_Asya_oyunları_kapanış
Türkmenistan_Asya_oyunları_kapanış
Türkmenistan_Asya_oyunları_kapanış

Жауынгерлік өнері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындары аяқталды.

Ашғабад 2017 ойындарының командалық есепте жеңімпазы Түрікменстан атанды.

17-27 қыркүйек күндері арасында өткен V Азия ойындары Ашғабад 2017 организациясында спортшылар медаль үшін сайысып,  Түрікменстанның бас қаласында спорттық фестиваль атомосферасы болды.

Түрікменстан көптеген спортшы,  спорт қайраткері,  шетелдік қонақтарды,  баспасөз өкілдерін қонақ қылды.

Ашғабад 2017 үшін дайындық бірнеше ай бұрын аяқталды.  Ойындардың сәтті өтуі Ашғабадтың осындай организацияларға жақсы дайындалатынын көрсетті.

Ойындардың нәтижесіндегі Түрікменстанның медаль саны да организация үшін ғана емес,  түрікмен спортшылардың да жақсы дайындалғанын көрсетеді.

Түрікменстан барлық 348 алтын медальдің 89-ын алды.  Түрікмен спортшылар 245 медальмен медаль саны бойынша да бірінші орында.

Түрікменстаннан кейін 42 алтын медальмен Қытай Халық Республикасы келеді. Үшінші орында 36 алтынмен Иран. 24 алтын медальмен Қазақстан төртінші, Өзбекстан бесінші орында. Өзбекстан барлық медаль саны бойынша Түрікменстаннан кейін екінші орында аяқтады.

12 күндік Азия ойындарының жабылу салтанатында да түрік әнші Мұстафа Сандал секілді жергілікті және шетелдік өнер қайраткерлері сахнаға шықты.



Ұқсас жаңалықтар