Путин орден тақты

Ресей президенті Түрікменстан президентімен кездесті.

819109
Путин орден тақты

Түрікменстан мемлекет басшысы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов елі мен Мәскеу әкімшілігінің терроризм және есірткі саудасына қарсы жұмыстарын жалғастыратындарын айтты.

Еліне келген Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін мәлімдеме жасаған Бердімұхаммедов «Елдеріміз терроризм және есірткі саудасы секілді жаһандық проблемалармен күрес үшін ынтымақтастығын жалғастырады. Ынтымақтастық екі жақты форматта болғаны секілді халықаралық ұйымдар аясында да жүргізіледі» деді.

Түрікмен лидер айырықша екі елдің Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа байланысты келісімге қол қойылуына да қолдау бергенін айтты.

Кездесу барысында Каспийде ерекше ынтымақтастық ұстанымы да бекітілді.

Түрікмен басшы айырықша орыс компанияларының Түрікменстандағы істерін артыруына да көңілі толатынын білдірді.

Кездесуде сонымен бірге Ауғанстан тақырыбы да қолға алынды. Бердімұхаммедов «Түрікменстан мен Ресей Федерациясы Ауғанстандағы жағдайдың саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуін қалайды» деді.

Кездесуден кейін Ресей президенті Путин түрік басшыға екі ел арасындағы қатынастарға қосқан үлесіне орай Александр Невский орденін тақты. Путин: «Бұл орден шетелдердің беделді саясат қайраткерлеріне Ресеймен жақсы көршілік байланыстарын нығайтқаны үшін беріледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар