Энергетика Хартиясы шарты конференциясы өтеді

Энергетика Хартиясы шарты конференциясының 28-іншісі Ашғабадта болады.

856085
Энергетика Хартиясы шарты конференциясы өтеді

Конференцияның 28-нші кезекті жиналысы Түрікменстанда 28-29 қараша күндері болады.

Бұдан бұрынғы жиналыста конференцияның 2017 жылғы төрағасы ретінде сайланған Түрікменстанда жоспарланған бірсыпыра шара, форум мен семинарлар өткізілген болатын. 30-31 мамыр күндері Ашғабадта Энергетика Хартиясы бас хатшылығы қолдауымен «Халықаралық энергетика хартиясы форумы» өткізіліп,  энергияның халықыралақы транзит жеткізілуінің қауіпсіздік және тұрақтылық тұрғысынан маңызына тоқталған еді. Осы бағытта кезекті форумның негізгі тақырыбы «Энергия көздерінің транзит жеткізілуі көп жақты келісіміне қарай» деп белгіленген болатын.

Конференцияның 28-нші жиналысының негізгі тақырыбының да «Транзит хаттамасы» болуы күтілуде.  Алайда әсіресе Ресейдің келісімді бекітпегеніне орай хаттама тақырыбында қорытынды көзделмей отыр.



Ұқсас жаңалықтар