Зариф Түрікменстанда

Иран Сыртқы істер министрі Ашғабатқа барды.

1200153
Зариф Түрікменстанда

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф ресми сапармен Түрікменстанның бас қаласы Ашғабатқа барды.  Ол Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов және Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.

Иран Сыртқы істер министрлігінің интернет парақшасында жарияланған хабарға қарағанда, Зафиф пен Бердімұхаммедов екі жақты қатынастармен қоса аймақтық және халықаралық өзекті тақырыптарда көзқарас алмасты.

Зариф артынан түрікменстандық әріптесімен кездесті.  Зариф-Мередов кездесуінде Ауғанстандағы оқиғалар,  темір жол тасымалы, энергия және электр саласындағы ынтымақтастықтар,  екі елде қамаудағы азаматтардың жағдайы мен Каспий теңізі тақырыбы қолға алынды.  Сонымен бірге екі министр Түрікменстан президенті Бердімұхаммедовтың Иранға сапарын да талқылады.



Ұқсас жаңалықтар