Түрікменстан бейтараптығының 25 жылдығы

Ибрахим Ерен  Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық медиа форумға қатысты.

1492593
Түрікменстан бейтараптығының 25 жылдығы

Түркия Телерадио  Корпорациясы (ТРТ) басқарма төрағасы Ибрахим Ерен  Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Халықаралық медиа форумға қатысты.

Бейне конференция арқылы өткен форумға халықаралық және аймақтық медиа ұйымдарының 300-ден астам өкілі мен 68 елден сарапшылар қатысты.

Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы (ABU) вице-президенті ретінде форумға қатысқан Ибрахим Ерен Түрікменстанның  тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел Түркияның  сонымен қатар Ашхабадта елшілік ашқан және Түрікменстанның тұрақты бейтараптық мәртебесін де бірінші болып мойындаған ел екенін мәлімдеді .

Түрікменстанның халықаралық деңгейде мойындалған саяси актерге айналғанын және тарихи аренада өз позициясын нығайта түскенін айта отырып Ерен: «Сіздің идеяларыңыз немесе дипломатиялық ұстанымыңыз қаншалықты мықты және беделді болса да, сізге ең алдымен сіздің хабарларыңызды таратуға және шығаруға мүмкіндік беретін қуатты медиа қажет», - деді.

Ибрахим Ерен бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық аренадағы маңыздылығына тоқталып, бүгін кездесу және Түрікменстанның бейтараптық саясатының 25 жылдық жетістігін әлемнің әр түкпірінен келген халықаралық БАҚ өкілдерімен талқылау мүмкіндігіне ие болудың бұқаралық ақпарат құралдарының сәтті рөліне байланысты екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар