Түрікменстан мен Әзербайжан келісті
Екі ел бірге игереді.
Әзербайжан мен Түрікменстан Каспий теңізінде «Достық» деп аталған мұнай кенін бірігіп басқару жөнінде келісті.
Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Түрікменстанда әріптесі Рашид Мередовпен бас қосты. Министрлер «Достық» кенінде істердің бірігіп атқарылуына келісті.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов те видео конференция арқылы қол қою рәсіміне қатысты.
Түрікменстанда «Сердар», Әзербайжанда «Кепез» деп аталған кен орнының қай елге тиісті екені және қалай игерілетіні көптеген жылдар бойы екі ел арасында талас болып келген еді.
Каспий теңізінде Әзербайжан мен Түрікменстанның иелігіндегі жердің тап ортасында орналасқан кен орнында шамамен 60 миллион тонна мұнай резерві бар екені айтылады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.