Түрікменстан Сыртқы істер министрі келеді

Түркияда Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан Сыртқы істер министрлерінің үштік жиналысы болады.

1588119
Түрікменстан Сыртқы істер министрі келеді

Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан Сыртқы істер министрлерінің үштік 5-ші жиналысы Түркияда болады.

Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап, Түрікменстан вице-премьері және Сыртқы істер министрі Рашид Мередовтың ертең Түркияға келетінін білдірді. Сапар шеңберінде Түркия мен Түрікменстан арасындағы екі жақты қатынастар және аймақтық мәселелерге байланысты көзқарас алмасылады. Мередовты президент Режеп Тайып Ердоған да қабылдайды.

Министрлік сонымен бірге Әзербайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамовтың да қатысуымен Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан Сыртқы істер министрлерінің үштік жиналысының да өткізілетінін білдірді.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Байрамовпен де айырықша кездесу өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар