Сауда министрі Түрікменстанға барады

Бұл туралы министрлік баспасөз қызметі хабарлады.

1782719
Сауда министрі Түрікменстанға барады

ТР Сауда министрі Мехмет Муш сауда-экономикалық қарым-қатынастарды қолға алу мақсатымен Түрікменстанның бас қаласы Ашхабатқа барады.

Бұл туралы министрлік баспасөз қызметі хабарлады. 25 ақпан күні болатын сапар барысында министр Муш Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен кездеседі.

Министр айырықша Министрлер кабинетінің басшысының орынбасарлары Сердар Бердімұхамедов және Чары Гылычов, Қатынас және коммуникация агенттігінің төрағасы Меметхан Чакиевпен кездесу өткізеді.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты жүзеге асырылатын сапарда Түркия мен Түрікменстан сауда-экономикалық қатынастарымен қоса инвестиция тақырыптары да қолға алынады.

Түркия мен Түрікменстан арасындағы сауда айналымы 2021 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 53 пайыз артты. 1,7 миллиард долларды құрады.  Осы кезеңде Түркияның Түрікменстанға экспорты 985 миллион доллар болса, аталмыш елден импорты 711 миллион долларды құрады.

Түркияның Түрікменстандағы инвестициясы 434 миллион доллар шамасында.  Түрікменстаннан Түркияға келген инвестиция болса 1 миллион долларға жетті.

Түрікменстанда түрік мердігерлері қазірге дейін 50 миллиард долларлық 1061 жобаны атқарды.



Ұқсас жаңалықтар