Ердоған Сердар Бердімұхамедовпен телефонда сөйлесті
Президент Ердоған Сердар Бердімұхамедовты Түркіменстанның жаңа президенті болып сайлануымен құттықтады.
Түркіменстанда 12 наурызда өткен президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған мен Бердімұхамедов телефондағы әңгімеде екі ел қарым-қатынастарын дамыту жайлы басылатын қадамдарды және аймақтық тақырыптарды қолға алды.
Президент Ердоған әңгіме барысында Сердар Бердімұхамедовты Түркіменстанның жаңа президенті болуымен құттықтады.
Түркіменстанның Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың басшылығында қарқынды дамығанын, жаңа президент Сердар Бердімұхамедовтың қол жеткізген жеңістерді тіпті ілгері апаратынына сенгенін білдірген президент Ердоған күшін ортақ тарих және мәдениеттен алған екі ел қарым-қатынастарының жаңа кезеңде де жалғасатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.