Түрікменстан президенті Иранда

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ресмм сапармен Иранға барды.

1843889
Түрікменстан президенті Иранда

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ресми сапармен Иранға барды. Сапары аясында екі арасында түрлі салада 9 келісімге қол қойылды.

Ресми сапармен Иранға барған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовты Иран президенті Ибрахим Реиси салтанатты рәсіммен қарсы алды.

Оңаша және делегациялар арасы кездесулерден кейін екі президенттің құзыретінде сауда, экономика, қатынас, транзиттік өткелдер, мәдениет, ғылым, технология, қоршаған орта және мемлекеттік тетедидар мен радио мекемелері арасындағы ынтымақтастық сынды 9 салада келісімге қол қойылды.

Реиси Бердімұхамедовпен бірге ортақ баспасөз жиналысын өткізді. Ортақ баспасөз жиналысында екі ел қарым-қатынастарының жақсы деңгейде екені білдірілді. Реиси мәлімдемеде «Түрікменстанмен соңғы 30 жылдан бері жақсы қарым-қатынастарымыз болды. Бұл сапар екі ел қарым-қатынастары тұрғысынан бетбұрыс түйін болуы мүмкін» деді.

Ауғанстан тақырыбында да екі елдің көзқарасатрының өте жақын екенін түсіндірген Реиси «Ауғанстанда барлық этникалық топтардың қатысуымен кең көлемді бір үкімет құрылуы керектігіне сенеміз. Аймақтың мәселелер аймақ лауазым иелері тарапынан шешілуі керек» деген көздер қолданды.

Бердімұхамедов та «Екі ел қарым-қатынастарында энергия және қатынас стратегиялық сектор болып табылады. Бұл саладағы жұмыстар жалғасады» деп көрсетті.

Түрікменстан лидері «Біз Ауғанстанның аймақтық және халықаралық жобаға қатысқан бай бір ел болуын қалаймыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар