"Достық қатынастарымызға қарсы шыққандар бар"

Хаманей ресми сапармен Тегеранға келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовпен бас қосты.

1844238
"Достық қатынастарымызға қарсы шыққандар бар"

Иранның діни лидері Әли Хаманей елі мен Түрікменстан арасындағы достық қатынастарға қарсы шыққандар бар екенін, алайда кедергілерден асу керектігін айтты.

Иранның «Мехр» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Хаманей ресми сапармен Тегеранға келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовпен бас қосты. Кездесуге Иран президенті Ибрахим Реиси де қатысты.

Хаманей Иран-Түрікменстан қарым-қатынастарының жетілдірілуінің екі елге де пайдалы екенін айтып, «Иран көрші елдермен қатынастарын жетілдіргісі келеді және бұл жақсы саясат» деді. Екі жақты қатынастардың алдындағы кедергілердің жойылуының екі елдің де осы тақырыптағы табандылығына байланысты екенін білдірген Әли Хаманей «Әрине әлем және аймақ деңгейінде Иран мен Түрікменстанның арасындағы достық қатынастарға қарсы елдер бар, алайда бұлардың барлығына қарамастан кедергілерден асу керек» деді.

Хаманей Иран мен Түрікменстан арасында қол қойылған келісімдердің маңыздылығына тоқталып, «Екі ел арасындағы ортақ комиссиялар белсенді болуы керек және қол қойылған келісімдерді бақылап, орындап отыру қажет» деді.

Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов та көрші елдермен қатынастарға басымдық беретінін айтып, «Қол қойылған келісімдер шеңберінде табиғи газ, электр және транзиттік салаларда жақсы қарым-қатынастардың өріс алуын және сонымен бірге ірі жобалардың жүзеге асырылуын қалаймыз» деді.

Екі күндік ресми сапармен Иранға барған Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов пен Иран президенті Реисидің кеше Тегерандағы кездесуінен кейін 9 келісімге, ынтымақтастық хаттамасына және меморандумға қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар