Президент Ердоған Рашид Мередовты қабылдады

Президенттік кешендегі қабылдау баспасөзге жабық өтті.

1912030
Президент Ердоған Рашид Мередовты қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередовты қабылдады.

Президенттік кешендегі қабылдау баспасөзге жабық өтті.

Мередов елорда Анкараға сапары аясында Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездескен болатын.

Кездесуде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар талқыланып, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасылды.



Ұқсас жаңалықтар