Түрік Әуе жолдары Ашхабатқа рейс бастайды

Екі елдің сыртқы істер министрлері кездесті.

1912027
Түрік Әуе жолдары Ашхабатқа рейс бастайды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түрік Әуе жолдарының (THY) Түркіменстанның астанасы Ашхабадқа желтоқсан айында рейс бастайтынын мәлімдеді.

Чавушоғлу мен Түрікменстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі Рашид Мередов бас қала Анкарада кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Өзара сапарлардың да талқыланғанын атап көрсеткен Чавушоғлу Авазада өтетін Түркия-Әзербайжан-Түркіменстан үшжақты саммитіне дайындықтың талқыланғанын, саммит алдында үш елдің энергетика және көлік.Сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізудің тиімді болатынына шешім қабылдағандарын айтты.

Чавушоғлу Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың келер жылдың басында Түркияға келетінін айтты. Түрік Сыртқы істер министрі білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жұмыс істеп жатқандарын атап көрсетті.

Мередовты 2023 жылдың сәуір айында өтетін Анталия дипломатия форумына шақырған Чавушоғлу алдағы уақытта жақынырақ жұмыс істеуге келіскендерін айтты.

Чавушоғлу Түрік Әуе жолдарының (THY) желтоқсан айында Ашхабадқа рейс бастайтынын да  хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар