Ердоған Түрікменстанға аттанады

Авазада үштік саммит өтеді.

1918040
Ердоған Түрікменстанға аттанады

Президент Режеп Тайып Ердоған 13-14 желтоқсан күндері Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан президенттерінің бірінші саммитіне қатысу үшін Түрікменстанға барады.

Президенттік апарат жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесінде Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың шақыруымен ертең Авазада президент Ердоған және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан президенттерінің бірінші саммиті өтетіні айтылды.

Саммитте дос және бауырлас үш елдің әсіресе сауда, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастығын барлық салаларда одан әрі тереңдету үшін жасалатын қадамдар талқыланып, екіжақты келіссөздер жүргізіледі.



Ұқсас жаңалықтар