Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанда

Ердоған түрікмен басшылармен кездесті.

1918606
Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанда

 

Президент Ердоған Түрікменстанның Аваза аймағында Түркия-Әзербайжан-Түркіменстан президенттер саммиті өтетін аймаққа барды. Президент Ердоған саммитте Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі.

Саммитте дос және бауырлас үш елдің барлық саладағы, әсіресе сауда, энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастығын одан әрі тереңдету үшін жасалатын қадамдар талқыланады.

Президент Ердоған саммит аясындағы алғашқы кездесуін Түрікменстан Ұлттық кеңесінің халық істері басқармасының басшысы Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен өткізді.

Президент Ердоған бұдан кейін Түркия-Әзербайжан-Түркіменстан мемлекет басшыларының бірінші саммитінде Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

Кездесуден кейін екі ел басшысы суретке түсті.



Ұқсас жаңалықтар