Бердімұхамедовтан Ердоғанға хат

Бердімұхамедов хатында «Біз Түрікменстанның Түркиямен қарым-қатынасында «бір халық – екі мемлекет» қағидаты бойынша әрекет ететінін әрқашан айтып келеміз», – деді.

1969579
Бердімұхамедовтан Ердоғанға хат

Түрікменстанның Халық мәслихатының төрағасы және бұрынғы президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине Ердоғанға хат жолдады.

«Түрікменстан» газетінде жарияланған хатында Бердімұхамедов түрікмен-түрік бауырластығына назар аударып, «Біріншіден Түрікменстанға және түркімен халқына деген терең құрметіңіз, Түрікменстан мен Түркия арасындағы достық, бауырластық және көп қырлы ынтымақтастық және Түрікменстанның нығаюына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз» деді.

Бердімұхамедов түркі халықтарының дамуы, жаһандық бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық пен тұрақты дамуды нығайту жөніндегі халықаралық қауымдастықтың іс-шараларына белсенді қатысу екі елдің ортақ ұстанымы екенін мәлімдеді.

Бердімұхамедов хатында «Біз Түрікменстанның Түркиямен қарым-қатынасында «бір халық – екі мемлекет» қағидаты бойынша әрекет ететінін әрқашан айтып келеміз», – деді.

Бердімұхамедов Түркия басты баяндамашы болып табылатын, 2022 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабылдаған,  30 наурыздың «Халықаралық қалдықтарды жою күні» деп жариялануы шешіміне Түрікменстанның да ортақ болғанын білдірді. «Осы бағытта Емине Ердоған ханымның үстіміздегі жылдың 30 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында сөйлеген сөзі халықаралық қоғамдастықтың Тұрақты даму мақсаттарын табысты жүзеге асырудағы күш-жігеріне, сондай-ақ ауқымды және ұзақ мерзімді экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруына маңызды үлес қосты» деді ол.

Бердімұхамедов Түрікменстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыстардың тұрақты нығаюы басқа мемлекеттер арасындағы жасампаз және оң байланыстардың дамуына ықпал ететінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар