Түрікменстаннан маңызды мәлімдеме

Түрікменстан ТрансКаспий табиғи газ құбыр желісіне байланысты мәлімдеме жариялады.

2015882
Түрікменстаннан маңызды мәлімдеме

Түрікменстан ТрансКаспий табиғи газ құбыр желісінің құрылысына кедергі болатын ешбір саяси, экономикалық немесе қаржылық фактор жоқтығын хабарлады.

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі түрікмен табиғи газының батысқа жеткізу жобасының жүзеге асырылу мүмкіндіктеріне байланысты халықаралық баспасөздегі пікірлер туралы мәлімдеме жасады.

Түрікменстанның ТрансКаспий құбыр желісін салуға жұмыстанғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Осы мақсатта Түрікменстан, Әзербайжан және Еуропа Одағы (ЕО) арасында үштік ортақ механизм қалыптастырылды» деп айтылды.

Сонымен бірге ЕО-ның ТрансКаспий табиғи газ құбыр желісі жобасын «болашағы бар» жобалар тізіміне алуының табиғи екені айтылды. Аталмыш жобаның құрылысының алға жылжуда екені атап көрсетілді.  Мәлімдемеде «Түрікменстан табиғи газ құбыр желісінің құрылысына кедергі болатын саяси, экономикалық және қаржылық фактордың жоқтығына сенеді.  Керісінше ТрансКаспий құбыр желісі экономикалық жағынан орынды, Еуразияда энергия қауіпсіздігінің қамдалуына нақты үлес қосатын,  еуропалық тұтынушылар үшін шикізат көздеріне ұзын мерзімді және үздіксіз қолжетімділік қамдайтын, тараптардың пайдалары мен мүдделерін қорғайтын шынайы жоба» деп атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар