Махтымқұлы Пырағының 300 жылдығына орай халықаралық шара өтті

Анкара Әлеуметтік ғылымдар университетіндегі шараға ғалымдар мен студенттер қатысты.

2047271
Махтымқұлы Пырағының  300 жылдығына орай халықаралық шара өтті
Mahtumkuli_Firagi_kazakça

Анкара Әлеуметтік ғылымдар университетінде Түріксой ұйымының қатысуымен Махтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық шара өтті.

Университет ректоры Проф. Др. Мұса Казым Арыжан, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың Бас хатшысының орынбасары Саит Юсуф, Түрікменстанның Түркиядағы елшісі Мекан Ишангулиев, Мамак қаласының мэрі Мұрат Көсе, АК партия Бурса депутаты Осман Местен, MHP Невшехир депутаты, түрлі университеттерден ғалымдар мен студенттер қатысты.

Түріксой Бас хатшысының орынбасары Юсуф осында сөйлеген сөзінде Махтымқұлының түркі әлемінің ортақ құндылығы екенін атап өтіп, «Бүгінгі таңда бізді осы залда біріктірп отырған - Махтымқұлы. Махтымкұлы сияқты құндылықтарымызды дәріптеу, келешек ұрпаққа мұра қалдыру - біздің әрі қарай өмір сүруіміздің ең маңызды негізі» деді.

Түрікменстан Елшісі Ишангулиев Махтымқұлы шығармаларының түркі әлеміндегі поэзияның дамуында маңызды рөл атқарғанын айтып, шығармаларға арқау болған «сүйіспеншілік, туған жер, отансүйгіштік, адами құндылықтар» сынды ұғымдардың әлі де өзектілігін жоғалтпайтынын атап крсетті.  

Махтымқұлының идеяларының Еуропа, Америка және Африка елдерінде де белгілі екенін атап өткен Ишангулиев Махтымқұлының Түркияда зор құрметке ие екенін жеткізді.

Ишангулиев Махтымқұлының түрікмен халқының бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруін армандағанын баса айтып, «Ақынның түрікмен халқы үшін ең үлкен құндылығы – оның түрікмендердің бірлігі жолындағы күресі» деді.



Ұқсас жаңалықтар