Түркі академиясын құру туралы келісім

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркі академиясын құру туралы келісімнің заң жобасын мақұлдады

61421
 Түркі академиясын құру туралы келісім

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркі академиясын құру туралы келісімнің заң жобасын мақұлдады.
Бұл туралы Түркия парламентінің сайтында жарияланды. Аталған келісімге 2012 жылдың 23 тамызында Бішкекте қол қойылған болатын. Түркия - бұл заң жобаны қабылдап отырған екінші ел. Бұған дейін аталмыш келісімді Әзірбайжан Парламенті бекіткен болатын.Енді бұл заң жобасы Қазақстан мен Қырғыз елінің заң шығарушы органдарының қарауында. Аталған екі елдің біреуі заң жобаны бекітсе болды, «Түркі Академиясы» халықаралық бірегей институт мәртебесін алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар