«ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕ ӘЙЕЛ МЕН СӘН»

Түркияның Ескишехир қаласында 5-6 мамыр күндері арасында түркі әлемінің сән саласы өкілдері бас қосады.

62003
«ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕ ӘЙЕЛ МЕН СӘН»

Түркияның Ескишехир қаласында 5-6 мамыр күндері арасында түркі әлемінің сән саласы өкілдері бас қосады.
Іс-шараға 2013 Түркі әлемі мәдениет астанасы агенттігі мен Түрксой Халықаралық мәдениет ұйымы ұйытқы болып отыр. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырым, Македония, Алтай, Татарстан, Якутия, Хакасия, Тува, Башқұртстан, Чувашстан, Қалмық, Кабардин-малкар, ұйғыр өкілдері, дизайнерлер мен ғалымдар қатысады.
- «Моңғолиядан Косовоға Түрік елі» сахна қойылымы
Іс-шара аясында түркі әлемі елдері арасындағы мәдени бірліктің маңызын атап көрсетіп, жас дизайнерлерді ынталандыру мақсатымен «Халықаралық Түрік елінің түстері сән байқауы» мен «Мәдени өнімдер» атты көрме өткізіледі.
Сонымен бірге түркі әлемінде әйелдердің заманауи киімдері, батыс сәнінің қабылдануымен түрік әлеміндегі қазіргі жағдай талқыланады. Отырыстарда ғалым, дизайнер мен жеке меншік сала өкілдері өз пікірлерімен алмасады.
Түркі әлемінің мәдени байлығын көрсететін ұлттық киімдермен қоса 18 дизайнердің өнімдері таныстырылатын «Моңғолиядан Косовоға түрік елі» атты сахна қойылымы 6 мамыр күні Ескишехир қаласында, артынан 7 мамыр күні Анкарада сахналанады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар