«Түркі әлемінде әйел және сән» іс-шаралары басталды

Ескишехир қаласындағы іс-шараға 2013 Түркі әлемі мәдениет астанасы агенттігі мен Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы Түрксой ұйытқы болды.

62800
«Түркі әлемінде әйел және сән» іс-шаралары басталды

Ескишехир қаласындағы іс-шараға 2013 Түркі әлемі мәдениет астанасы агенттігі мен Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы Түрксой ұйытқы болды.
Түркі әлемін құрайтын елдердің сән саласы өкілдеріне бас қостырған іс-шараның беташарында Ескишехир қаласы әкімі Гүнгөр Азим Туна сөз сөйледі.
«Іс-шара аясында сіздерді сән саласының өкілдері мен дизайнерлерден алуан түрлі көріністі қойылым күтіп тұр» деді ол.
Түрксой бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ та осындай іс-шараларды түркі әлемі халықтарының мәдени ортақтығы үшін өте пайдалы серіктестіктерге айналдыруды мақсат еткендерін білдірді.
Баяндамалардан кейін «Халықаралық Түрік елі түстері Сән дизайн байқауының» жеңімпаздары марапатталды. Артынан әкім Туна мен қасындағы делегация «Түрік елінің түстері Сән дизайн байқауы және мәдени өнімдер» көрмесін аралады.
Ертең аяқталатын организацияда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырым, Македония, Алтай, Татарстан, Якутия, Хакасия, Тува, Башқұртстан, Чувашиядан сала өкілдері, дизайнерлер мен ғалымдар бас қосуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар