Сириялық түрікмендер бір шаңырақ астында бас қосады

Өте маңызды жиналыста түрікмен мәжілісінің төрағасы сайланады.

65093
Сириялық түрікмендер бір шаңырақ астында бас қосады

Сирия Түрікмен Мәжілісінің екінші отырысы кеше Анкарада басталды.
Өте маңызды жиналыста Түрікмен мәжілісінің төрағасы сайланады.
Түрікмендердің осы жиналысына сириялық оппозиция да қолдау беріп отыр. Жиналысқа Сирия Ұлттық коалиция төрағасы және басқа да маңызды өкілдер қатысуда.
Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу да сириялық түрікмендерді жалғыз тастамады.
Давутоғлу жиналыста «Барша сириялық азамат мынаны білсін: Сирия халқының даңқты күресі табысқа жеткенге дейін барлық мүмкіндіктерімізбен олардың жанында боламыз» деді.
Давутоғлу халықтың 3,5 миллионы босқын болып кеткен, 6,5 миллионы болса өз елінде көшіп жүрген Сирияда әкімшіліктің мазақ қылғандай сайлауға дайындалуын сынады.
«Адамдардың дауыс қолдану былай тұрсын, паналайтын үйі жоқ. Қай сайлау?» деді ол.
Министрдің айтуынша Түркияның дипломатиялық ынталары жалғасады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің үш бұрынғы шешіміне қарамастан Сирия басшылығы әлі көмек материалдарының кіруіне рұқсат бермей отыр.
Давутоғлу Сирия түрікмендерін бірлік болуға шақырды. Ал түрікмендер болса дауыстарын, пікірлерін әрі Түркияда, әрі әлем көлемінде естіртуді сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар