Киевте Қырым татарларының депортациясының 70-жылдығы еске алынды

Іс шараға Мұстафа Жемилев те қатысты

69707
Киевте Қырым татарларының депортациясының 70-жылдығы еске алынды

Қырым татарларының 70 жыл бұрын Сталиннің бұйрығымен өз отанынан жер аударылуына орай Украинаның астанасы Киевте еске алу іс шарасы өтікізілді. Еске алу мерәсіміне Қырымға кіруіне рұқсат берілмей отырған Қырым татарларының көсемі және Украина парламентінің депутаты Мұстафа Жемилев те қатысты. Киев пен Львов қалаларында өткен іс шараға татарлар мен украиндар қатысты.
Жер аударылғандар үшін жағылған шырақтар Қырым түбегі картасы түрінде тізілді.
Қырымда болса еске алу мерәсімдері әскерлердің бақылауымен өтті. Қырымдағы Ресей билігі іс шараға тиым салған болатын. Сондықтан астана Ақмешітте тек қана 100 адам жер аударылғандар үшін қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ең үлкен іс шара Бахчесарайда өтті, бұған 15 мың адам қатысты. Бірақ Ресей армиясына тиесілі екі тікұшақтың төмен ұшуы салдарынан мерәсім тікұшақтардың моторының шуы арасында өтті.
Украинадағы татарлар Сталиннің бұйрығымен 18 мамыр 1944 жылы күшпен Орта Азия мен Сибирьге жер аударылған болатын. Олардың көпшілігі жолда аштық пен аурудан қаза тапты. Татарлардың туған жерлеріне оралуына 1980-жылдан кейін ғана шектеулі түрде рұқсат берілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар