Әлем Түркі форумы Едірнеде

Едірне қаласында Әлем Түркі форумы үшінші мәрте шымылдығын ашты

78620
Әлем Түркі форумы Едірнеде

Форум 28 мамыр күні кешке Фракия Университеті Көркемөнер факультетінің ауласындағы қонағасымен басталды.
Әлем Түркі форумының екінші күні қала орталығындағы Екмекчизаде тарихи керуенсарайында жалғасуда.
Форумды ТАСАМ төрағасы Сүлейман Шенсой ашты. «2001 қыркүйек айынан бастап көп полярлы басқару үдерісі қиын болды. Соңғы екі жылдан бері Транс Тынық және Транс Атлант серіктестігі көріне бастады. Осы жаңа блоктың қарсы алдында Қытай мен Ресей бастаған, Үндістан мен Бразилияны да қосуға болатын жаңа күш бар деп айтуға болады» деген Шенсой осы екі полюстан тысқары қалған елдердің жылдам тұрақсыздана бастағанын айтты. Осыған соңғы мысал ретінде Украинадағы оқиғаларды көрсетуге болатынын атап айтқан ТАСАМ төрағасы осы тұрақсызданудың алдын алу үшін «Сынау әлеуетінің» биіктеу керектігін білдірді. Тұрақсызданудың алдын алу үшін әрдайым инновация қажетті. Форумның осындай маңызды кезеңге дөп келгенін айтқан Сүлейман Шенсой түркі әлемінің ортақ көзқарасының анықталуына үлес қосуды межелеп отырғандарына көңіл аударды.
«Тіл, дін, тарих және жағрапия ортақтығы енді бізді алысқа апармайды. Секторлық базада жұмыстануымыз қажет. Негізгі мәселелердің шешілуі керек. Бүкіл дүние жүзінде өте сапалы түркі диаспорасы бар. Олардың басын біріктіріп, түркі әлемінің дамуына үлес қосуларын қамдауымыз керек» деді ол.
Беташар баяндамадан кейін тарихи қала Едірнені таныстыратын фильм көрсетілді.
Артынан сөз кезегін алған Сыртқы Экономикалық кеңестің Атқару комитеті мүшесі Мурат Ялчынташ та «21-ғасыр түркілердің тарихи көзқарасына сай ғасыр болатынына кәміл сенемін. Біздің күшіміз тек физикалық күш болып қоймай, саяси, мәдени, спорт саласындағы күш болуы тиіс. Бұлардың барлығының негізінде экономикалық мағынада мықты болуымыз керек» деді. Қазір Түркия тысында жұмыс істейтін 3900 дана түрік ұйымы мен шетелдерде оқитын 130 тәлімгер бар екенін еске сала кетіп Ялчынташ «Әлемдік Түркі бизнес кеңесі ретінде экономикалық саладағы күшімізді қолдану үшін жұмыстанудамыз» деді.
Ашулы рәсімінде Түркия Саяхат агенттіктері одағы төрағасы Башаран Улусой, Юнус Эмре Институты төрағасы орынбасары кезегімен сөз сөйледі.
Сөз кезегінде ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов болса «Осы ауқымды форумның тарихи және мәдени тұрғыдан өте бай Едірне қаласында болуы маңызды» дей келе ТҮРКСОЙ жұмыстарының негізінде форумның басты тақырыптарының бірі мәдените дипломатиясына қызмет ететінін атап айтты.
Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев болса «Османлы Империясына 88 жыл астана болған Едірне қаласының форум өткізу мақсатында таңдалуының символикалық мағынасы бар. Маусым айының басында Бодрум қаласында жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекет басшылары саммитінің биылғы тақырыбы да туризм» деді. Ешбір саясат қайраткері жасай алмайтын таныстыру істерін мәдени дипломатиясы тындыратынын айтқан өкілетті елші осыған ең үлкен мысалдың Түркия екенін атап көрсетті. Қазақстаннан Түркияға өткен жылы 420 мың турист келгенін де еске салған Түймебаев Анталия, Бодрум, Стамбул сынды маңызды дистанциялар қатарына Кападокия, Ескишехир және Едірне сынды қалаларды да енгізуді межелеп отырғандарын білдірді.
Сөзінің аяғында Қазақстан елшісі ТАСАМ төрағасы Сүлейман Шенсойға «Қазақстан-Түркия Достық» медалін табыс етті.
Рәсімде сөз кезегін алған Түркі Кеңесі бас хатшысы Халил Акынжы Түркі Кеңесінің мәдениет дипломатиясы аясындағы маңызды жауапкершіліктерін айта келе «Тарихымызды, мәдениетімізді, әлемге деген көзқарасымызды, дүние танымымызды шетелдерге бірігіп отырып таныстыруымыз қажет. Сол кезде ғана геостратегиялық ықпалдылығымызды байқап, күшімізді білеміз» деді.
Әлем Түркі форумының ашылу рәсімінен кейін түрік көркемөнер көрмесі салтанатты түрде ашылды.
Аталмыш форум «Түркі Республикалары: Мәдениет дипломатиясы және туризм» және «Түркі және армян диаспоралары: Қоғамдық дипломатия: Мүмкіндіктер мен рисктер» тақырыптарындағы отырыстармен жалғасын табуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар