Түркі әлемінде «Қызыл Алма» сыйлығы

Түрік Азия Стратегиялық зерттеу орталығы ТАСАМ Түркі әлемі Қызыл Алма сыйлықтарын табыс етті.

78291
Түркі әлемінде «Қызыл Алма» сыйлығы


Түркияның Едірне қаласында өтіп ІІІ Әлем түркі форумы аясында 11 номинацияда «Қызыл Алма» сыйлығы иелеріне салтанатты түрде берілді. Қоғамдық дипломатия сыйлығы «Йени Балқан» газеті редакторы Муртеза Сулужоожаға берілді. Осы сыйлық сонымен бірге Түркияның танымал телеарнасы NTV-дің журналисті Ахмет Йешилтепе және Ирак Республикасы Коммуникация министрі Др. Торхан Алмофтиге табыс етілді.
Спорт номинациясында сыйлық Олимпиада чемпионы, қазақ боксшы Серік Сапиевке берілді.
Қырғызстан –Манас Университеті мен «Самахи» Астрофизика обсерваториясы (Әзірбайжан) «Қызыл Алма» Техгология сыйлығына ие болды.
Өнер номинациясында болса Қырымдық жас әнші Джамила мен түріктің танымал өнерпазы Орхан Генжебай сыйлық алды. Ал Мәдениет сыйлығы түркі әлеміне мәдениет-өнер саласындағы қызметі шексіз ТҮРКСОЙ мен түркі әлемі музыкасын Түркияға таныстырып, насихаттап жүрген Ирфан Гүрдалға берілді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Түркі кеңесі Бас хатшысы Халил Акынжы мен Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев болса «Қызыл Алма» Дипломатия сыйлығына лайықты деп табылды.
Әлем түркі форумы үшінші күнінде «Түрік -Армян мәселесі» және «Түркі әлемінде туризм» тақырыптарында жалғасуда.
Едірне қаласынан Торғын Сұлтанқызы білдіреді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар