Бакуде Мұнай мен табиғи газ жәрмеңкесі өтуде

Жәрмеңкеге Түркиядан да делегация қатысуда

81700
Бакуде Мұнай мен табиғи газ жәрмеңкесі өтуде

Биыл 21-ші рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық Каспий Мұнай мен табиғи газ жәрмеңкесі басталды.
Мұнай саласының алыптарының Бакуде басын қосқан жәрмеңкені президент Илхам Алиев ашты.
29 елден 402 фирма Каспий Мұнай мен табиғи газ жәрмеңкесіне қатысты.
әзірбайжанның табиғи газ резервтері туралы сөз қозғаған Алиев осы газдың Әзірбайжанға да, онымен әріптес басқа мемлекеттерге де ұзақ уақыт бойы жететінін айтты.
Трансанадолы жобасының маңызына да тоқталып кеткен Алиев жақын келешекте Әзірбайжанның Еуропаны табиғи газбен қамтамасыз ететінін білдірді.
Түркияның ТАНАП жобасындағы үлесінің 30 пайыз өсуіне баға берген Әзірбайжан Мұнай компаниясы басшысы Рефнек Абдуллаев бұған қуанышты екендерін айтты.
Жәрмеңкеге Түркиядан да делегация қатысуда .
Баку ЭКСПО орталығында өтіп жатқан Каспий мұнай мен табиғи газ жәрмеңкесі төрт күн бойы жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар