Алмазбек Атамбаев Түркияда

Қырғызстан елбасы Алмазбек Атамбаев Гүл және Ердоғанмен кездесті.

82086
Алмазбек Атамбаев Түркияда


Қырғызстан елбасы Алмазбек Атамбаев Түркияның Бодрум ауданында бүгін басталған Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің 4-ші саммитіне қатысу алдында Анкарада кездесулер өткізді.
Қырғызстан елбасы Алмазбек Атамбаев алдымен Чанкая сарайында елбасы Абдуллах Гүл тарапынан мерәсіммен күтіп алынды. Артынан екі елбасы оңаша кездесу өткізді.
Алмазбек Атамбаев осыдан кейін Бас министрлікке барып, премьер-министр Режеп Таип Ердоғанмен кездесті.
Екі басшы оңаша кездескеннен кейін Түркия-Қырғызстан жоғары дәрежелі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші жиналысына қатысты.
Алмазбек Атамбаев пен премьер-министр Режеп Таип Ердоған тарапынан ынтымақтастық хаттамасына қол қойды және ортақ баспасөз мәслихаты ұйымдастырды.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Қырғызстанның өзгеріс пен қайта құру ішінде екенін, осы процесте саяси, әскери, экономикалық, сауда, мәдени, білім беруге бағытталған байланыстардың артқанын айтты.
Ердоған Қырғызстанмен қазіргі сыртқы сауда мөлшерінің 426 миллион долларға жеткенін білдіріп, «Әрине нысанамыз 2015 жылы бұл санды бір миллиард долларға жеткізу» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар